25 Қар 2020
Страницы KZ КГУ "Начальная школа "Казахстан"

Мектеп туралы

 

Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді. Жазуды да, оқуды білмейтін кішкентай балалар бүгін міне, мектеп бітіру туралы атестатты қолдарына ұстап, үлкен өмірге жолдама алды. «Қашан ғана осы мектепті бітіремін» деп ойлайтын кездер көп болып еді. Қазір сол мектепті бітіріп шыққаныма өзім сене алмаймын. Көзді ашып-жұмғанша уақыт тез өтті де кетті. Соңғы қоңырау осы жылы біз үшін расында да соңғы рет соғылды. Сонша асығып бітіргім келген мектебіммен қимастықпен қоштасып отырмын. Мектеп қабырғасында өткен қайран уақытты бағаламаппыз. Мектеп қабырғасында өткізген әрбір күн, әрбір қырық бес минут балалық шағымның балғын уақыты болып қала бермек. Мектеп «үлкен отбасы, ұстазымыз біздің ақылшымыз, анамыз, сыныптастарымыз жақын досымыз. Мектеппен қоштасу» балалықпен қоштасу. Мектепте біз шынайы дос табамыз, білім алып, өмірді үйренеміз. Мектеп бізге тірек беріп, жылулық пен бақыт сыйлайды. Ал ұстаздар болса бізге үйретуден еш жалықпас. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер есімізде ең жарқын естеліктер болып қалады

Ауыл 1956  жылы Қазақстан кеңшарынан бөлініп, қоныстанған. Сол кеңшар атымен "Қазақстан" ауылы деп аталған.  Ауыл адамдары тек мал шаруашылығымен айналысқан. 1957 жылы осы ауылдан оңтүстікке қарай 10 км жердегі Мұқамедқали қыстағында 3 жылдық мектебі ашылып оған жан-жақтағы оқушылар ат арба-шанамен тасытылып оқылған.

1959 осы ауылдың ортасында жаңа мектеп салынды. Ауыл көлемі үлкейіп, оқушылар саны көбейді.

Міне осы жылдарден бері қарай мектебіміз көркейіп, нұрланып келеді.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар